405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда блок-посттарда жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен еріктілер марапатталды

  • 155
  • UPD: 11:02, 01.06.2020

Бүгін Қарағанды тас жолындағы «Жібек жолы» блок-бекетінде Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов вируспен күресуде алдынғы шекте болып, белсенді жұмыс істеген  дәрігерлер, полицейлер мен волонтерлерді марапаттады.

Дәрігерлер, еріктілер мен полицейлер ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов және Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың атынан грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

«Дәрігерлер, полицейлер мен волрнтерлер бірігіп, індетті жеңіп және тезірек үйреншікті өмірімізге оралуға көмектесті. Полицейлер мен еріктілерге ерен еңбегі үшін алғыс айтамыз. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы сіздердің жұмыстарыңызға байланысты болды. Сіздер нағыз жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болдыңыздар», – деді Ержан Сәденов.

Еріктілер полицейлермен бірге рейдтер мен профилактикалық шараларға қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Учаскелік инспекторлармен бірге азаматтармен кездесіп, оларға қауіпсіздік шараларын еске салды. Дәрігерлер тәулік бойы адамдардың өмірін құтқарып, инфекциямен алдынғы шекте  күресті. Карантин кезінде нағыз ерліктің ерен үлгісін көрсеткен полицейлер аз емес. Оның ішінде блок бекеттерден жүкті әйелдерді алып перзентханаларға, түрлі жарақаттармен келген науқастарды ауруханаларға жеткізген полицейлер бар. Бұған қоса, Полиция департаменті карантин режимі аяқталмады, эпидемия жойылған жоқ. Сондықтан маска киіп, санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау керегін ескертті.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы