410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент және Түркістан облысы аумағында сапасыз жанар-жағармай сату фактісі анықталды

  • 164
  • UPD: 11:06, 01.06.2020
Шымкент және Түркістан облысы аумағында сапасыз жанар-жағармай сату фактісі анықталды

Қаржы мониторингі комитеті Шымкент қаласы және Түркістан облысы аумағында үлкен көлемдегі сапасыз жанар-жағармай сату фактісін анықтады.

Іс-шара нәтижесінде 68 230 литр дизельдік отын тәркіленген. Келтірілген залалдың сомасы 12 213 170 теңге шамасында.

Шымкент қаласының бірнеше тұрғыны жабдықталған жасырын цех ішінде жағар майды арзан пеш жағар майымен араластырып, жаңа өнім жасағаны белгілі болды.

Әрі қарай оны Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы автожанармай құю бекеттеріне жеткізіп, заңсыз пайда тапқан.

Қазіргі таңда аталған дерек ҚР ҚК-нің 197 бабы 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестріне тіркелді.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы