412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды волонтерлері балаларды қорғау күніне орай аулаларды қалыпқа келтірді

  • 131
  • UPD: 11:08, 01.06.2020
Қарағанды волонтерлері балаларды қорғау күніне орай аулаларды қалыпқа келтірді

Қарағанды өңірінің волонтерлері балаларды қорғау күніне орай облыстағы 40 ауланы қалпына келтірді.

Осыдан шамамен 30-40 жыл бұрын салынған ойын алаңдары бүгінде әбден тозған. Белсенді жастар қираған әткеншектерді жөндеп, сырлап шықты. Сонымен қатар сенбілік өткізіп, қоқыстан аршыды. Ал балақайлар балмұздақ жеп, мәре-сәре болды. Бұл күні волонтерлер демеушілердің көмегімен 1200 дана тәтті үлестірді.

Гүлшат Бекболатова, қала тұрғыны:

- Балалар күніне өте үлкен жақсы керемет сыйлық сыйлап отыр. Осыған бәріміз қуаныштымыз. Балаларымыздың барлығына тегін балмұздақ таратып отыр. Бұл өте бір жақсы қадам деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы