405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы маңында блокпост алынғанымен санитарлық талаптар сақталады

  • 139
  • UPD: 13:25, 01.06.2020
Алматы маңында блокпост алынғанымен санитарлық талаптар сақталады

Алматы периметрінде тұрған 27 блок бекеттің барлығы алынды. 31 мамырдан 1 маусымға қараған түннен бастап қалаға емін-еркін кіріп шығуға болады.

Түні бойы 12 эвакуатор қала шетіндегі барлық бетон кедергілерді жинап шықты. Блокбекеттер 19 наурыздан бастап 2 жарым айға жуық жұмыс істеді. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардан тәулігіне 10 мыңнан астам адам өтіп тұрған. Бүгін Алматыдағы Алтын Орда базарында иін тірескен адам мен көлік нөпірі болған жоқ.

БЛИЦ:

- Ашық, жақсы болып тұр. Ой, ойлап едім бүгін де пробка болатын шығар деп. Болған жоқ.

- Вообще тұрған жоқпыз. А то 2 сағат, 3 сағат тұрушы едік.

- Қуаныштысыз ба?

- Конечно. Бірақ енді санитарлық талапты сақтау керек екенін білесіз ғой?

- Обьязательно, обьязательно.

Жалпы осы уақыт аралығында төтенше жағдай ережесін бұзған 2 мыңнан астам факт тіркелген. Олардың үштен бірі блок бекеттерде болған. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, блок бекеттер алынғанымен барлық санитарлық талап сақталады.

Жандос Мұратәлиев, қалалық ПД ӘПБ басшысы:

- Басқа бекеттерде де түнімен біз блокбекеттерді алып тастадық. Көлік легі жақсы жүріп жатыр. Кептеліс еш жерде жоқ. Азаматтар кіріп шығып жатыр.

Төтенше жағдай кезінде білесіздер жаңағы Қорғаныс министрлігі болды, басқа да қызмет саласынан көп азматтар болды. Күнделікті 3 мыңнан астам азамат осы блок бекеттеріне түсетін.

Хабар 24 телеарнасы