405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде балалар лагерьлерінің жұмысы жанданады

  • 135
  • UPD: 15:38, 01.06.2020
Елімізде балалар лагерьлерінің жұмысы жанданады

Алдағы аптадан бастап еліміздегі балалар лагерінің жұмысы жанданады. 8 маусымда екі өңірдегі орталықтардың жұмысына рұқсат берілді.

Ал 12 маусымда қалған 12 аймақтағы оқушылар демалатын орындар ашылады. Елордадағы балалар лагері 20 маусымда жұмысын бастайды деп жоспарланған. Бұл жөнінде Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина мәлімдеді. Оның айтуынша биыл бас-аяғы миллионнан астам оқушы демалыс орындарына аттанады. Яғни Қазақстан аумағындағы 12 мыңнан аса лагердің  65 проценті жұмыс істейді. 

Юлия Овечкина, ҚР БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

- Лагерьлерге бара алмайтын қалған оқушылар не істейді? Осы мақсатта біз мектеп жанындағы ұйымдардың қызметін күшейттік. Олардың барлығы балаларды толықтай қамтып, демалыстарын мағыналы өткізуге көмектеседі. 1200-ден аса аула клубы мен 21 мыңға жуық әртүрлі үйірмелер де осы бағытта бізге қолдау танытуға дайын. 

Хабар 24 телеарнасы