405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  • 124
  • UPD: 15:46, 01.06.2020
Түркістан облысында тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Түркістан облысының тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Кентау қаласының өзінде 74 көпқабатты үйді жөндеу жоспарланған. Нысандардың көбі жарты ғасыр бұрын салынып бүгінгі күнге дейін жөндеу көрмеген.

Сәйкесінше халықты алаңдатқан мәселеге айналды. Мәселен, жуырда қатты жел тұрып, үйлердің шатырын ұшырып әкеткен. Бұл жағдай қайталанбас үшін тұрғындардың бастамасымен жаңғырту жұмыстары басталды. Жөндеуге 1 жарым млрд теңге бөлінген. Қаржыны тұрғындар бірнеше жыл ішінде біртіндеп өтеуге келіскен. Кентауда жалпы 324 көпқабатты баспана бар. 

Әшіркүл Наурызбаева, Кентау қаласының тұрғыны:

- Осы үй тұрғалы жөндеу көрмеген деп айта аламын. Өте нашар. Біз халықтар осы тұрғындар жиналып көмек сұрап. Істеп жатыр қазір. Жақсы, бізге тазалық болғаны жақсы.

Хабар 24 телеарнасы