405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық құтқарушылар суға түсу маусымына дайындықты бастады

  • 140
  • UPD: 15:46, 01.06.2020
Елордалық құтқарушылар суға түсу маусымына дайындықты бастады

Бүгін олар көпшілікке шомылу кезінде әр адам ескеруі тиіс қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ суға батып бара жатқан адамға алғашқы жәрдем беру жолдарын көрсетті. Бұған дейін қала аумағында жүргізілген тексеру кезінде суға түсуге арналған 23 орын анықталды.

Оның тек үшеуінде ғана шомылуға рұқсат етілген. Қазір елордаға қарасты төрт ауданда тегін коммуналдық жағажайлар ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал тыйым салынған орындарға ескерту белгілері қойылды. 

Есен Байыров, ТЖД бастығының міндетін атқарушы: 

- Ауа райының өзгеруіне байланысты 25 мамырдан бастап, бізде 80 адам сол 23 аймақта рейд жұмыстарын жасайды. Ол рейтте біздің ТЖД қызметкерлері, құтқарушылар полиция департаменті әкімшіліктен жастар алаңы және Қызыл крест адамдары жұмыс істейді. Олар қазір ескеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күннің жылынуына байланысты қайғылы оқиғалар бар. Қала бойынша 3 адам қайтыс болды. 2 адам құтқарылды.

Хабар 24 телеарнасы