418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 223
  • UPD: 17:39, 01.06.2020
Таразда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Онда 22 мекеменің мамандары тегін кеңес береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар фронт-кеңседе білім беру, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар тұрмыстық қиын жағдайға тап болғандар психолог мамандардың да кеңесін ала алады. Орталық жұмысына волонтерлер де тартылған. Олар биыл туризм саласын дамытуға негізделген 21 жобаны жүзеге асырмақ. Орталыққа келген жастарға алғашқы болып кеңесті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев берді. Өңір басшысы белсенділермен кездесіп, бос уақытты тиімді жұмсауға шақырды.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

– Пікір-талас орталығы болу керек. Сонда жақсы болады. Әсіресе демалыс күндері кешке шығу керек. Өйткені біреу оқиды, біреу жұмыс істейді. Қол бос уақытында осында келеді.

Серікбол Берікқожа, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

– 2019 жылы 22 мың жасқа кеңес берілген болса, жастарымыздың 10 процентін құрайды. Біз осы 10 процентті көтеру мақсатында кең көлемде кеңес беріп, қызмет көрсету мақсатында кеңес беру орталығын ашып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы