405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда парасат тақырыбындағы мурал пайда болды

  • 175
  • UPD: 17:12, 01.06.2020
Алматыда парасат тақырыбындағы мурал пайда болды

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында (Меңдіқұлов пен Достық көшелерінің арасында) «Алматы - Адалдық Алаңының» аясында «Өз еліңді бұзба» муралы салынды.

Жобаны қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, белсенділер мен қоғам қайраткерлері қолдады.

Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адал және әділ болуға үндейді.

Муралдың тұсаукесеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.

«Жұмысты алдын алуға және парасаттылық жүйесін ілгерілетуге, адал және парасатты ұрпақ тәрбиелеуге, халықпен тұрақты кері байланыс орнатуға бағыттау керек. Азаматтарды тыңдап, оған құлақ асып, кез келген мәселеге дер кезінде ден қою қажет», – деді ол.

«Мұндай іс-шаралар халықтың санасын өзгертуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеуге арналған», – деді қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жобаның бастамашысы ретінде азаматтарды жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырды.

Әр қазақстандықтың бұл іске атсалысуы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы