420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда спорт кешені және ойын алаңқайлары пайдалануға берілді

  • 307
  • UPD: 17:35, 01.06.2020
Таразда спорт кешені және ойын алаңқайлары пайдалануға берілді

Тараз қаласында балалар мерекесіне орай спорт кешені және ойын алаңқайлары пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жұмыстарға «Менің елім» бағдарламасы аясында демеушілер тартылып, жүзеге асырылған. Басты мақсат – тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттап, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге негізделген. Тағы бір ерекше мерекелік тарту – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті ойын алаңшасы болды.

Айнұр Ташкентбаева, қала тұрғыны:

– Әсіресе денсаулығы жоқ балаларға өте жақсы. Тараз қаласында осындай орындар көптеп ашылса, жақсы болар еді. Балалар далаға шығып, көңіл-күйлері көтеріліп жүр. Бүгінгі 1 маусым балалар күнімен барша балаларды құттықтаймын. Денсаулықтары мықты болсын!

Хабар 24 телеарнасы