423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында төрт тосқауыл бекеті жұмысын жалғастырады

  • 354
  • UPD: 20:11, 01.06.2020
Қостанай облысында төрт тосқауыл бекеті жұмысын жалғастырады

Оның екеуі Ресеймен шекарада орналасса, қалған екеуі Жітіқарада, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елді мекенде COVID-19-ды 132 адам жұқтырған. Бұл – аймақтағы барлық науқастың 72 проценті. Жітіқарадан өзгелерінде тұрғындардың еркін жүріп-тұруына рұқсат. Қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі де қалпына келтірілді. Бүгіннен бастап облыс орталығындағы автобустар 23.00-ге дейін қатынайды. Бірақ кейбір шектеулер әзірше күшінде қалады. Айталық театр, кинотетар, аквапарк, демалыс орындары, мектеп жанындағы және сауықтандыру лагерьлері індеттің таралу деңгейі төмендегенше, ашылмайды. Халық та санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтануы керек. 

Владимир Нечитайло, облыстың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

– Қоғамдық орындарда бетперде киіп жүру режимі сақталады. Көпшілік жиналатын отбасылық, естелік шараларын өткізуге тыйым салынады. Карантин уақытында 14 мыңға жуық тексеру жүргізілді. Бекітілген ережені бұзудың 267 дерегі анықталып отыр. Ішкі істер органдарымен 274 айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы