405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында су қоймасынан өлі балықтар табылды

  • 149
  • UPD: 20:12, 01.06.2020
Ақтөбе облысында су қоймасынан өлі балықтар табылды

Қарғалы су қоймасында табан балық қырылып, жағаға шығып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Ақтөбе облысында болған жағдай. Мамандар 200-ден астам өлі балықтың табылғанын растады. Судан алынған сынаманың қорытындысы бір аптадан кейін белгілі болады. Қазір бұл іске экология департаменті мен табиғат қорғау полициясы және аудандық әкімдік қызметкерлері да араласты. Мұндай жағдай бұл маңда алғаш рет тіркеліп отыр. Ал су қоймасының өзі бір серіктестікке ұзақ мерзімге пайдалануға берілген екен.

Нұрболат Дүйсенов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Сол жерде жаңағы судың түсі мөлдір болды. Ешқандай жағымсыз иіс шыққан жоқ. Балықтардың өлімсектерінен сынамалар алынып, облыстық ветеринарлық зертханаға тапсырылды. Оның нәтижесін тағы айтамыз. Қазір ештеңе айта алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы