405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда иттерді қорлағандар заң алдында жауап береді

  • 159
  • UPD: 20:12, 01.06.2020
Атырауда иттерді қорлағандар заң алдында жауап береді

Атырауда иттің басын тоңазытқыштың есігіне қысқан азамат та, тал түсте ауыл ішінде ит атқандар да заң алдында жауап береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демалыс күндері әлеуметтік желі арқылы итке қастық қылған азамат туралы видео тарап, тұрғындардың наразылығын туғызған. Атырау қалалық полиция басқармасы осы жағдайды тексеріп, бірінші оқиға 30 мамыр күні қала іргесіндегі Береке ауылында, ал екіншісі 31 мамыр күні Еркінқала елді мекенінде болғанын анықтады. 

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Итке күш қолданған 1986 жылы туған азамат анықталды.Оқиғаға қатысты ҚК 316 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл бап бойынша жануарларға қатігездік жасағаны үшін 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту немесе 30 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы