405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында бір тәулікте 69 адамнан коронавирус анықталды

  • 156
  • UPD: 20:12, 01.06.2020
Атырау облысында бір тәулікте 69 адамнан коронавирус анықталды

Оның 54-і – «Теңіз» кен орнының жұмысшылары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Он бірі Атыраудың өз басынан, қалғаны Жылыой, Мақат аудандарының тұрғындары. Енді науқастармен байланыста болғандар мен бұрын есепте тұрған азаматтар қайта тексеріледі. Жалпы мұнайлы өңірде 31 мамырдағы мәлімет бойынша COVID-19 ауруын жұқтырған 1105 науқас тіркелді. Олардың 314-і жазылып шыққан. 

Амантай Жұмағалиев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Күніне 2 мың, 2 жарым мың адамға дейін тексеруге мүмкіндік бар. Соған байланысты қауіпті контингенттер дейді, соның ішінде денсаулық сақтау мекемелері бірінші орында, басқа да тиісті мекемелер коронавирус жұқпасына қарсы қызмет атқарып мамандар тексеруден өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы