418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық сақшылар «Балаларға жылу сыйла» акциясын өткізді

  • 213
Қызылордалық сақшылар «Балаларға жылу сыйла» акциясын өткізді

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сыр сақшылары «Балаларға жылу сыйла» акциясын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сәбилер үйіне ойыншықтар мен қажетті гигиеналық заттар әкеліп берді. Сондай-ақ бала ойын дамытатын бояу, жапсырма қағаз, қалам-ермексаз және танымдық әдістемелік құралдар табыс етті. Ал облыстық полиция департаментінің басшылық құрамы балалар ауруханасының педиатрия бөліміне барды. 20 орындық бөлімшеде жылына мың жарымдай бала ем алады. Жеке құрам және ардагерлер кеңесінің атынан асханаға қажетті құрал-жабдықтар сыйға тартылды. Өрендер бұл үстел-орындықта ас ішумен қатар қосымша сабақтарын оқитын болады.

Гүлнұр Өксікбаева, облыстық балалар ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

– Бұл жерде эндокринология және нефрологиялық аурулары бар балалар ем алады. Қант диабеті, әртүрлі қалқанша без ауруларымен ауыратын балалар бар. Және де бүйрек ауруымен ауыратын науқастар жатады. Бөлімшеде күрделі бүйрек ауруымен балалар емделіп шығады. Бізде диалез жасалады. Бойы өспей қалған балаларға гармон енгізу арқылы бойын өсіреміз.

Пазылбек Нәлібаев, ОПД бастығының орынбасары:

– Балалардың шын қуанғанын көзімізбен көрдік. Балалар болашақта үлкен тұлға, елін сүйер, елі сүйер азамат болып өсіп-өнуі – баршамыздың міндетіміз. Сондықтан балалар аман, дені сау болсын. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады.

Хабар 24 телеарнасы