405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы зауыттар биыл 500-ден аса трактор шығаруды жоспарлап отыр

  • 143
  • UPD: 22:21, 01.06.2020

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сүйенсек, қазір шаруалардың қолында 150 мыңға жуық трактор бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 90 процентке жуығының пайдалану мерзімі 10 жылдан асып кеткен.

Осыған байланысты ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін Қостанай машина трактор зауыты қуаттылығын арттырып, жұмыстың күшейтілген режиміне көшті.

Биыл Қостанайдағы ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауыттар 500-ден аса трактор шығаруды жоспарлап отыр. Кәсіпорындар қазір күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Пандемияға байланысты елдегі көптеген өндіріс ошақтарының тоқтап қалғаны белгілі. Ал мұндағы зауыттар егін егу науқаны кезінде аграрлық саланы техникамен қамтамасыз ету үшін еңбек өнімділігін арттырды.

Николай Пархоменко, «Агромашхолдинг KZ» АҚ коммерциялық директоры:

– Осы жылы біз Кировец және Lovol маркалы 500-ден астам трактор шығаруды көздеп отырмыз. Оған қажетті жабдықтар мен бөлшектердің басым бөлігі бізде бар. Ұжым екі аусымда жұмыс істейді. Біз қазіргі қалыптасқан жағдайға, карантинге түсіністікпен қараймыз. Күнде дайын болған техника бірден өңірлерге жөнелтіледі. Тракторды тура егіс басына жеткізіп береміз.

Қазір машина жасау саласында локализацияны тереңдету бойынша жобалар жасалып, жүзеге асырылуда. Бірі – ауылшаруашылық техникасы мен автоөнеркәсіпке қажет бөлшектерді шығаратын локализация орталығы.

Динара Шукижанова, Қостанай трактор зауытының директоры:

– Ресейдің ең ірі инжинирингтік орталығы жобаның дизайны мен өндірістік үдерісті дайындаумен, ұйымдастырумен айналысып жатыр. Локализациялау орталығында бөлшектерді, құрал-жабдықтарды шығару Сибеко, РИАТ сияқты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жетекші өндірушілерімен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Қазірдің өзінде Қостанайда ауылшаруашылық техникаларын жасаумен 2 мыңнан астам адам айналысады. Ал локализация орталығы іске қосылса, жұмыс орны тағы екі есеге артады. 

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы