423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2022 жылы балалардың әл-ауқат индексі енгізіледі

  • 443
2022 жылы балалардың әл-ауқат индексі енгізіледі

Сол арқылы кейінгі буынның өмір сүру жағдайы мен денсаулығы, білімі, отбасы мен ортасына қатысты көрсеткіштер анықталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп балалардың құқығын қорғау бойынша қалалар мен аудандардың және ауыл-аймақтардың рейтінгі түзіледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай құттықтауын жариялап, әлеуметтік желідегі жеке парақшасында біраз проблеманы қозғады. Әсіресе, әлімжеттік пен дискриминация, буллинг пен шеттету немесе суицид сияқты проблемаларды шешу жолдары басты назарда. Бұл ретте балаларды зиянды ақпараттан қорғау өте маңызды дейді министр. Сондықтан кибермәдениет пен кибергигиенаны қалыптастыру тақырыбы мектеп бағдарламасына енгізілуі мүмкін. Ал сол білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті күшейту үшін көптеп бейнебақылау камералары орнатылады.

Хабар 24 телеарнасы