412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы 10 жылда елімізде жетімдер саны 70% азайған

  • 130
Соңғы 10 жылда елімізде жетімдер саны 70% азайған

Жалпы біздің елде балалардың құқығын қорғаумен айналысатын 300-ден астам үкіметтік емес ұйым бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс істейтін үкіметтік орган мен ұйымдардың саны мыңнан асады. Қазір елдегі ірілі-ұсақты 20 мың білім беру мекемесінде 5 миллион бала білім мен тәлім алады. 63 мың үйірме, 1200 қосымша білім беретін ұйым жұмыс істеп тұр. Соңғы 10 жылдың орайында балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны 70%, нақтыласақ 14 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарған. Енді оқушылар сарайлары, балалар технопарктері, үйірмелер мен өнер мектептерін кеңейту міндеті тұр.

Хабар 24 телеарнасы