412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді

  • 208
Елімізде туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді

Саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында 44 туристік жобаға ел қазынасынан 51 млрд 500 млн теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста айтылды. Қолдау мұнымен ғана шектелмейді. Туристік нысандарды жаңадан салу, реконструкциялау және жабдықтау кезінде инвестиция сомасының 10% өтеліп, преференция беріледі. Әр шетелдік турист үшін туроператордың шығындары субсидияланады. Авиакомпанияларға ішкі әуе бағыттары бойынша балалардың жол ақысы 100% өтеледі. Бұл ретте салаға инвестиция тарту жұмысын күшейту маңызды. Отырыс соңында вице-премьер осыны мықтап тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы