428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөл 13 маусымнан туристерді қабылдай бастайды

  • 370
  • UPD: 08:55, 02.06.2020
Алакөл 13 маусымнан туристерді қабылдай бастайды

Жетісудың маржанына айналған айдынды Алакөл жағалауындағы демалыс орындары 13 маусымнан туристерді қабылдай бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір онда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін бұл ауданның аумағында 7 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Олар дәрігерлердің жіті бақылауда. «Жағдай күрт өзгермесе, шомылу маусымы уақытында ашылады», - деді Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов. Өткен жылы Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігіне 2 миллионнан астам турист келді. Оларға 200-ге тарта демалыс орны қызмет көрсетті. «Алматы – Өскемен» тас жолында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, облыс орталығы Талдықорғаннан көл жағалауына күніне 4 рет ұшақ қатынайтын болады. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары да ішкі әуе рейстерінің көмегіне жүгіне алады. Ал темір жолмен саяхаттағанды жөн көретіндер үшін Алакөл ауданының үстімен өтетін пойыздарға қосымша вагондар шығарылады.

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық тауарлардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы:

- Қазіргі кезде ол жерлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағалауды тазалап, құмды тазалап, жататын орындардың арасы 2 метрден алыс болу керек, дайындалып жатыр. Бірақ келіп-кететін кісілерді әлі қабылдамайды. 13 маусымнан бастап жағалау жұмыс істейді. Ол тек қана біздің облысқа ғана қатысты емес, ол Шығыс Қазақстан облысына да қатысты.

 

Хабар 24 телеарнасы