405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысының туристік нысандары қонақтарды қабылдауға дайын

  • 131
  • UPD: 09:38, 02.06.2020
Ақмола облысының туристік нысандары қонақтарды қабылдауға дайын

Аймақта ондай 300-ден астам орын бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бүгінге дейін көптен күткен маусымның ашылуына әбден әзірлік жасаған. Себебі, кәсіпкерлерде «карантин кезінде қалай жұмыс істейміз» деген қорқыныш болған еді. Облыстық туризм басқармасының басшысы Уәлихан Ғабдуллиннің айтуынша, барлығының дайындығын санитарлық дәрігерлер тексеріп шыққан. Қазір туристік нысандардың 90%-і эпидемиологтардың рұқсатына қол жеткізіпті. Олар енді бүгіннен бастап келушілерді қабылдай алады. Бірақ демалыс орнында сақтық шаралары қатаң сақталуы тиіс. Қызметкерлер маска және қолғаппен қамтамасыз етілуі, ал ғимарат антисептик толы санитайзерлармен жабдықталуы қажет. Оны арнайы мамандар жіті қадағалайды.

Уәлихан Ғабдуллин, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- 2019 жылы 1 млн 300 мың қонақ болса бізде, енді биыл шекараларымыз жабық тұр. Содан кейін ішкі туризм дамиды деп ойлаймын. 30-40%-ке дейін бізде қонақтар көп болады деп ойлаймыз. Жалпы 100% дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы