431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жаңа шағынаудан тұрғындары инфрақұрылым игілігін көре алмай отыр

  • 296
  • UPD: 13:43, 02.06.2020
Өскеменде жаңа шағынаудан тұрғындары инфрақұрылым игілігін көре алмай отыр

Өскеменде жаңа шағынаудан тұрғындары инфрақұрылымға жарымай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бұл аумақта шамамен 15-20 мыңға жуық отбасы тұрады. Олардың қоныстанғанына 10 жылдан асса да, жарық пен судың және қоғамдық көліктің жыры таусылмай, әкімдіктің табалдырығын тоздырумен келеді. Мәселенің шешілетін түрі жоқ. Ахмер елді мекенімен қаланы қосатын 3,5 шақырым жолдың құрылысы 2017 жылы басталса да, әлі бітпеген. Тіпті жолдың бойындағы автобус аялдамаларын да алып тастаған. Жолды төсеп жатқан мердігер мекеме өкілдері бастапқы жобада аялдама қарастырылмағанын айтады. Амалы таусылған тұрғындар шарасыз күйде.

Сымбат Әзімбаев, қала тұрғыны:

- Оқушылар әне, бір шақырым жерге барады. Мына арада жол жоқ бізде. Бізде қыста мұнда ешкім кірмейді. Не ана жаққа барады. Бұл енді сұмдық нәрсе. Қала міне, тұр. Бүгінгі күні барып, тіпті көңіліміз қалды. «Біз істей алмаймыз» дейді. «Біз істей алмаймыз. Бір жарым жыл тосыңдар», дейді

Эльдар Төлеубеков, қала әкімінің орынбасары:

- Аялдама ешқайда кетпейді. Міне, мына жігіт тұр. Өзі бастық. Өзі мына жерге бәрін өзі қояды. Осы бір апта ішінде қояды.

Хабар 24 телеарнасы