418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да көктемгі дала жұмыстары аяқталып қалды

  • 167
  • UPD: 15:13, 02.06.2020

Солтүстік Қазақстан облысында дала жұмыстары аяқталып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл күн ерте жылынып, кейбір шаруашылықтар сәуір айының ортасынан топыраққа түрен салды. Биылғы науқанның ерекшелігі қандай?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Александр Хитров – көктемгі дала жұмыстарын алғашқылардың бірі болып аяқтаған шаруалардың бірі. Ерте білек сыбанып еді, жаңылмады. Арпасы мен бұршағы көтеріліп қалды. Кей жерлерде 25 сантиметр. «Биыл ауа райы бізге жақтасып тұр», дейді ол.

Александр Хитров, шаруашылық басшысы:

- Мамырдың 15-і болып едік, жаңбыр жауды. Соның арқасында шығым жақсы. Енді күн суымаса деп отырмыз. Бір жылы 0 градусқа түсіп кеткен болатын. Бірақ кері әсерін тигізген жоқ.

Өңірде егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл облыс бойынша 1 млн гектар жерге майлы дақылдар егілді. Қарақұмық алқаптары да артты. Биылғы жылдың ерекшелігі, күн ерте жылынды. 

Виктор Данин, агроном:

Біз егінді ерте еге бастағанымызға еш өкінбейміз. Мамырдың соңында барлық дақылдар шығып қалды. Көз қуанады. Арпа 5 тонна береді деп отырмыз.

Биыл диқандар қауымы 800 жаңа техника сатып алды. Шаруашылықтарға 69 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай берілді. Енді олар химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізбек. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы