421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде мұқият тексеруден өткен жағажайлар адам қабылдай алады

  • 283
  • UPD: 18:00, 02.06.2020
Ақтөбеде мұқият тексеруден өткен жағажайлар адам қабылдай алады

Елімізде суға шомылу маусымы басталғанымен жағажайлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді. Ең бастысы, санитарлық талапқа сай, келушілердің қауіпсіздігін қатаң сақтауға міндетті.

Тек Ақтөбенің өзінде мамандардың жіті тексеруінен өткен орындар ғана адамдарды қабылдай бастады. Атап айтқанда, шомылу аумағында аптасына бір мәрте дезинфекция жүргізуге мүмкіндігі бар және тұрғындардың саулығына баса көңіл бөлген жағажайлардың қызметі ескерілген. Сондай-ақ суға түсу орнында бетпердемен жүру міндет болып бекітілді. Ал келушілерге қызмет көрсететін персонал қолғап киюі қажет. Мұнда орналасқан тамақтану және кәсіпкерлік нысандарына да қойылған өзіндік талап бар. Жалпы өңір бойынша биылғы жазда 51 жағажай жұмыс істемек. Жағажайларды онға жуығы Ақтөбенің айналысында. Шомылушыларға жүздеген құтқарушы ала жаз бойы қызмет көрсететін болады.

Ақтоты Құттыбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Күн сайын жұмыс аяқталғанға дейін қызметкерлер мен келушілер арасында термометрия жүргізу керек. Өз аумағына дезинфекция жүргізу керек. Қызметкерлер маскамен қамтамасыз етілу керек. Келушілерге берілетін тамақтар арнайы ланч бокстарда берілуі қажет. 

Хабар 24 телеарнасы