405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау тұрғыны қорлаған ит қайда кетті?

  • 287
  • UPD: 19:59, 02.06.2020

Атырауда иттің басын тоңазытқыштың есігіне қысып қорлаған жігіт көпшіліктен кешірім сұрады.

Бұзақының әрекеті әлеуметтік желі арқылы тарап, көпшіліктің ашуын туғызған еді. Кінәлі жігіт «ит тұқым егуге дайындап қойған жылыжайды бүлдірді, оған дейін кішкентай қыз баланы қауып ала жаздады» деп ақталды. Ал әлгі итті үй жануарларын бағатын питомник қызметкерлері алып кеткен екен. Бірақ ол жақтағылар бізге әкелінгені басқа ит деп отыр.

Мұқаш Жабаев, ветеринар-кинолог:

- Біріншіден, түсі келмейді. Видеодағы ақ болатын, мынау сары. Сосын ол түлеген мына иттің өлі жүні үстінде жүр. Бастысы мына иттің мойнында, денесінде еш жарақат жоқ. Егер тоңазытқыштың есігіне қысып, үстіне өзі шыққан болса, бұл тамақ іше алмас еді. Бірақ бұл да сол ауладан алынды, өзі қатты қорқып қалған.

Хабар 24 телеарнасы