405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертең Алматыдағы бірнеше нысанда ыстық су болмайды

  • 127
  • UPD: 19:10, 02.06.2020
Ертең Алматыдағы бірнеше нысанда ыстық су болмайды

Алматыда Медеу ауданындағы бірқатар ғимаратқа ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«3 маусым таңғы 9:00 бен кешкі 17:00 аралығында Қажымұқан – Байжанов – Елебеков – Рубинштейн – Достық 308 көшелеріне ыстық су беру тоқтатылады. Уақытша қолайсыздық жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болып отыр», –  деді «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұл учаскеде 25 жыл бұрын салынған ескі құбырлар ауыстырылады.

Хабар 24 телеарнасы