411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар қайтадан көшіп жатыр

  • 670
  • UPD: 20:45, 02.06.2020

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысынан 77 адам көшіп кетті. Бұл мемлекеттік бағдарлама бойынша оңтүстік өңірлерден көшіп барған отбасылар.

Себеп сан түрлі. Бірі күннің суығына шыдамаса, енді бірі несиелік қарыздарына байланысты қайтып кеткен. Жалпы былтыр аймаққа Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 2 мыңнан астам адам қоныс аударған. Олардың бәрі баспаналы болып, отбасы мүшелері көтермеақы алды.

Мамандардың айтуынша, биыл келгендердің арасында қайтып кеткендер жоқ.

Назерке Тасқұлова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы:

- Сол 22 отбасының ішінде 18-і мемлекеттік қолдау шараларын алмай қайтып оралған болатын. Оның ішінде 10 отбасы отбасылық жағдайына байланысты, 4 отбасы ауа райы жағдайына, климатқа байланысты. 2 отбасы денсаулығына байланысты көшіп кеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы