418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғарда қоқыс полигонындағы өрт сөндірілді

  • 206
  • UPD: 22:56, 02.06.2020

Талғарда күл-қоқыс полигоны өртенді. Жеті гектар жерді алып жатқан қоқыстың бір гектары отқа оранған.

Мамандар кеше кешкі сағат бестен басталған өртті бүгін түс ауа ғана сөндірді. Енді сол маңдағы ауыл тұрғындары полигонның толық жабылуын талап етіп отыр. Әйтпесе балалардың арасында тері ауруы көбейіп барады дейді олар. 

Ұлан Нарынбек, тілші:

- Күл-қоқыс полигонының ішінде не жоқ десеңізші. Сондықтан сасық иіс қолқаны қабады. Әсіресе желдің өтінде қалған Ават ауылының тұрғындары әбден мезі болып біттік дейді.

Полигон дегеніміз Ақтас ауылының маңындағы ескі карьер екен. Талғар және Еңбекшіқазақ ауданының ортасында тұрғандықтан айласында бірнеше ауыл бар. Полигон қызметкерлері өрт күн ыстық болғандықтан өздігінен шықты дейді. Тұрғындар болса сенбейтіндерін айтады. Тіпті полигон жабылсын деген талап қойып отыр.

Абдулжан Ибрагимов, Ават ауылының тұрғыны:

- Артымызда мына ямадан кейін башня бар су шығаратын. Весь поселок ішетін су. Ал мыналар бәрі сіңеді. Сол жердің астына кіргеннен кейін сол жилаға түседі. Дұрыс ғой. Ертең ол башня ештеңкеге жарамай қалады.

Майнұр Ибрагимова, Ават ауылының тұрғыны:

- Біздің талабымыз енді осы мусорканы или жапсын, или оборудованиесін қойсын. Бірінші рет емес. Олар жинайды, жинайды, күйдіреді. Неделяда бір рет обязательно күйдіреді. Қазір біз жұмыстан қайтамыз сағат 8-де, 9-да Аваттың іші невозможно сасиды. Балалардың бәрі кожный болезнь.

Ал Талғар ауданы әкімдігінің өкілі тұрғындар тарапынан күл-қоқысты өртейтіні туралы арыз түскен емес дейді. Керісінше ол жерде пластик, темір мен қағаздың әрқайсысы бөлек-бөлек сұрыпталатынын айтты.

Асқар Шамаев, Талғар аудандық ТҮКШ  бөлім  басшысы:

- Бұл полигонды рұқсаты бар, рұқсаты жоқ бойынша біз осы соңғы бір ай көлемінде жаңағы ТОО Эко Сервис Групп деген ЖШС-не екі рет запрос бергенбіз. Толығымен осы полигон бойынша қандай құжаттары барын, көшірмелерін сұрағанбыз. Республикада ЧП болғаннан кейін олардан бізге жауап келді рұқсат қағаздарын және көшірмелерін қазіргі уақытта бере алмаймыз деп.

Аудандағы жалғыз полигонның қожайынымен журналистер де кездесе алмады. Өрттің неден шыққаны да әзірге белгісіз. Ол арнайы сараптамадан кейін анықталады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы