423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда кәріз құдығынан құтқарылған жұмысшылар ауыр халде жатыр

  • 356
  • UPD: 23:26, 02.06.2020
Алматыда кәріз құдығынан құтқарылған жұмысшылар ауыр халде жатыр

«Алматы су» мекемесінің екі жұмысшысы Наурызбай ауданындағы кәріз құдығына түсіп, уланып қалды. 

Ес-түссіз жатқан оларды сол маңнан өтіп бара жатқан қала тұрғыны алып шыққан. Бірден жедел-жәрдем  шақырып,  ауруханаға жеткізілген. Қазір уланған  азаматтардың жағдайы өте  ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр. Біреуі тыныс алу апаратынан ажыратылды. 42 жастағы азамат жайында дәл қазір қандай да бір болжам айту қиын дейді  қалалық нөмірі 7-аурухананың дәрігерлері.

Қамбар Байжігітов, Қалалық №7 клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

- Екі науқасқа да диагноз қойылды. Күкірт сутекпен ауыр жағдайда мидың зақымдануы. Екі науқас та келген бойда жансақтау бөліміне жатқызылып, бүгінгі күнге дейін екеуі де жансақтау бөлмесінде жатыр. Бір науқас 1995 жылғы науқастың бүгін апараттан шешіліп, өз еркімен тыныс алып жатыр.  Ал екінші науқас жағдайы өте ауыр жағдайда. Аппаратпен демалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы