412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте кәсіпкерлік нысандар қайта іске қосылды

  • 126
  • UPD: 10:50, 03.06.2020

Шымкентте карантин режимі жеңілдеп, 9 мыңнан астам жұмыс орны іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмысын жолға қойғандардың дені – шағын және орта кәсіпкерлік нысандары. Азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды сататын дүкендер кешкі 9-ға дейін ашық. Ал қоғамдық тамақтану орындары 50 адамға дейін қонақтарға қызмет көрсетеді. Автокөлік және мал базары санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмысын бастады. Тұрғындарға жаттығу залы мен фитнес орындарға да баруына болады.

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Қазір қаланың орталық саябағында тұрмыз. Таңертеңнен серуен құрғандар баршылық. Себебі қазір Шымкентте ауа райы аптап ыстық. Сондықтан көп адам таңертеңнен саябақтарға келіп тынығады.

Бұдан бөлек, қалада кешеден бастап барлық автовокзалдар жұмысын бастады. Теміржол қатынасы да жандана бастады. Себебі қала және өңір аралық блок посттар алынып тасталған болатын. Қазір Шымшаһар арқылы өзге облыстарға қатынайтын, яғни жолаушы тасымалдайтын автобус маршуттар автобекеттерден емін-еркін келуде. Халық базарлардың жұмыс жасағанына да қуанышты. Жаттығу залдары, фитнес орталықтарының жұмысы жанданды. Олар сағат 21:00 ге дейін ашық. Қоғамдық көлік те тоқтаусыз жүруде. Айтпақшы, қаладағы автобустар тамыздан бастап электронды жүйемен жұмыс жасайтындығын да айта кетейік. Ал барлық іске қосылған кәсіпкерлік басқа да нысандар күшейтілген санитарлық-дизенфекциялық режимнің сақталуын қатаң түрде қадағалауы тиіс.

Айтпақшы, жұмысын қайта бастаған нысандар тізімінде көрермендердің қатысуынсыз мәдени және спорт нысандары бар. Білім беру орталықтары, үйірмелер де 15 адамға дейін қабылдау арқылы ісін атқаратын болады. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар яғни балабақшалар 20 баладан асырмай жұмыс істеуде.

Ал киносүйер қауым үшін, 15 маусымнан бастап кинотеатрлар жұмысын бастайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы