405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көлік кептелісі қайта басталды

  • 96
  • UPD: 13:45, 03.06.2020

Алматыда блок-бекеттері алынғалы көшелерде көлік саны арта түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен төтенше жағдай режиміне дейінгі сағаттап тұратын кептеліс жоқ. Өйткені қазір студенттер мен мектеп оқушылары жазғы каникулға шықты. Сондай-ақ балабақшалар әлі жұмыс істеген жоқ. Ал 1 маусымнан бастап кәсіпорындар мен қоғамдық мекемелер, және сауда орталықтары мен базарлар жұмысын қайта бастауына байланысты қала сыртынан келіп кететін адамдар саны артқан. Соған байланысты көліктер де көбейе бастады. Жалпы Алматыда шамамен 800 мыңға жуық көлік бар десек, аймақтардан кіретін көлік саны 300 мыңнан асады.

Орынбасар Оқасбаев, жүргізуші:

– Кедергілер болады. Су шашып кеттің дейді. Жолдың жағасына адамдар түсіп жатады, кіріп жатады. Су шашып кетесің. Тоқтата алмайсың ғой, сен келе жатқанда. Қазір кептеліс бар.

Хабар 24 телеарнасы