405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда байғыз құсының санағы аяқталды

  • 141
  • UPD: 14:32, 03.06.2020

Екі күндік санаққа қала тұрғындары да қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапалақтектес құстың есебін Қазақстанның био-алуандылықты сақтау қауымдастығы ұйымдастырды.

Ымырт үйіріле қаладағы ағаштардың арасынан байғыздың үні естіледі. Мұңды. Ел арасында байғызқа қатысты бірнеше аңыз бар. Ал бұл дыбыстар Көктебедегі телемұнарының маңындағы қалың бұталардан жазылды. Жалпы байғыз бен маубас жапалақтар еліміздің шығысы мен оңтүстік аймағындағы тау бөктерінде жиі кездеседі.

Жапалақ тектес құстың тұрпаты шағын. Дене тұрғысы 16-20 см, салмағы 200 граммға жетер-жетпес. Мекиені қораздарынан ірі келеді. Басы үлкен, тұмсығы имек, тырнағы өткір болады. Қауырсыны сарқыш-қоңыр, жұмсақ. Жетісу аймағына наурыз-мамыр айларына келіп, күзде жылы мекенге ұшып кетеді. Құс ойнағынан басқа уаықытта шақырмайды. Тек түнде ұшады. Ұясын ағаш діңіне, жартасқа салады. Қазақстанда бұл құстың 12 түрі кездеседі. 

Сергей Скляренко, биоалуандықты сақтау қауымдастығы қолданбалы биология орталығының басшысы:

– Жапалақ тәрізді құстар кеміргіштермен, жәндіктермен қоректенеді. Ағашты зиянкестерден тазалайды. Жемін түнде аулайды.

Ғалымның айтуынша, Алматыдағы құстардың санағы соңғы рет 80-жылдары ғана жүргізіліпті. Сол кезде 200-ге жуық түрлі құстардың бары анықталған. Ал қазіргі уақытта нақты есеп болмағандықтан, санаққа қала тұрғындарын да шақыру ойы жүзеге асырылды. Ниет білдірген жандар өз ауласына шығып, құстың үніне құлақ салса болғаны. Екі күннен кейін жобаның сайтындағы ақпартық парақшаға байғыздың үнін естіген жері мен уақытын көрсеткен.

Сергей Скляренко, Қазақстанның биоалуандықты сақтау қауымдастығы қолданбалы биология орталығының басшысы:

– Санаққа 370 адам қатысты. Бұл бастаманың осылай қолдау табатынын күткен жоқпыз. Қуаныштымыз.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қалада байғыз саны ұлғайғаны байқалады. Алдағы уақытта барлық ақпарат сараланып болған соң ғаламтор желісіндегі ақпараттық карта мен қауымдастықтың сайтында санақ нәтижесі жарияланады.

Алмас Садуақас, Алма Оразбаева, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы