429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үш айда 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

  • 309
  • UPD: 12:32, 03.06.2020
Үш айда 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Биыл Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында веб-портал арқылы ауыл шаруашылығы алқаптарын бақылаудың пилоттық жобасы іске қосылды.

Нәтижесінде жалпы ауданы 7,3 млн га болатын 9 мыңнан астам пайдаланылмаған жайылымдық жер анықталды.

Атап айтқанда, Ақмола облысында – ауданы 1,6 млн га жерді құрайтын 3182 учаске, ШҚО-да – 2 374 жер учаскесі (1,3 млн га), Қостанай облысында - 3 330 жер учаскесі (1,9 млн га), Маңғыстау облысында - 175 жер учаскесі (2,5 млн га).

«2020 жылдың үш айының қорытындысы бойынша мемлекет меншігіне 2 млн гектардан астам жер телімі қайтарылды», – деді тұрғындармен кездесу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров. 

 Ақпарат көзі: ҚР АШМ баспасөз қызметі 

Хабар 24 телеарнасы