432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 2 мыңға жуық ауылда кең жолақты интернет жоқ

  • 372
Елімізде 2 мыңға жуық ауылда кең жолақты интернет жоқ

Мәжіліс отырысында ауыл халқын қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдету керектігі айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының тапсырмасымен дайындалған заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заң қабылданса, цифрлық және электронды қызмет көрсету сапасы артады. Ауылдарға желі жүргізу жұмыстары қарқын алады. Елімізде 2 мыңға жуық ауылда кең жолақты интернет жоқ. Бұл мәселенің негізгі түйіні – телекоммуникация жабдығымен қамтамасыз ету жұмыстарының ұзаққа созылатындығы. Халық саны 250 адамнан асатын елді мекенде антенна орнату үшін жер учаскесін рәсімдеу керек. Ал операторлар ірі базалық байланыс станциясын салғысы келсе, жердің нысаналы мақсатын өзгертеді. Осылайша ауылға интернет жеткенше, 2 жылдай уақыт кетеді. Егер жаңа заң қолданысқа енгізілсе, бұл жұмыстар жеңілдейді. Айта кетейік, қазір елімізде «Цифрлық карта» әзірленіп жатыр. Ол құжат маусым айының соңында дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы