405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Цифрландыру процесі кезінде архив құжаттарына мұқият болу керек – депутат

  • 120
Цифрландыру процесі кезінде архив құжаттарына мұқият болу керек – депутат

Мемлекеттік архив құжаттарын цифрландыру кезінде түпнұсқаның сапасы сақталуы тиіс.

Және құнды ақпараттарды жеке серіктестіктердің меншігіне тапсыру дұрыс емес. Бүгінгі Мәжіліс отырысында Нұрлан Дулатбеков мәдениет және спорт министрлігіне депутаттық сауал жолдап, осы мәселені көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін архив құжаттарын цифрландыру мемелекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүргізілетіні айтылған еді. Сондай-ақ барлық облыста арнайы орталық құрылатыны белгілі болды. Депутаттың айтуынша, цифрландыру процесі кезінде ескі құжаттарға мұқият болу керек.

Хабар 24 телеарнасы