405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 41% артты

  • 112
Еліміздің ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 41% артты

Былтыр еліміздің аграрлық саласына 500 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, 2018 жылғы кезеңмен салыстырғанда қаржы көлемі 41 процентке артқан. Еңбек өнімділігі 14 процентке ұлғайып, әр қызметкерге шаққандағы үлесі 2 млн 400 мың теңгеден келеді. Бұл туралы ведомство басшысы Сапархан Омаров айтты. Министрдің айтуынша, өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі шамамен 1 процентке өсіп, 5,2 трлн теңгені құрады. Мал шаруашылығында 4 проценттік тұрақты өсім байқалса, ауа райының қолайсыздығына байланысты өсімдік шаруашылығындағы көрсеткіш 1,7% түскен. Осыған байланысты суармалы жерлерді кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі заманғы суару жүйесін сатып алуға және инфрақұрылым жүргізуге жұмсалған шығындардың 50 процентін қайтару арқылы аграрийлерді ынталандыру қажет. Ал мақсатты несие беру мөлшерлемесі 10% төмендеді деді министр.

Хабар 24 телеарнасы