412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Біз біргеміз» қорынан тағы 110 мың отбасына бір реттік жәрдемақы төленетін болды

  • 217
  • UPD: 15:12, 03.06.2020
«Біз біргеміз» қорынан тағы 110 мың отбасына бір реттік жәрдемақы төленетін болды

«Nur Otan» партиясының қолдауымен «Біз біргеміз» қорынан тағы 110 мың отбасына бір реттік жәрдемақы төленетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржылай қолдау тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларына көрсетіледі. Бұған дейін 360 мың отбасы 50 мың теңгеден көмек алған еді. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, ірі меценаттар қорға қаржы аударып, демеушілік жасап отыр. Тиісті қаражат жиналған жағдайда әлеуметтік төлем төртінші рет берілуі мүмкін. Осы орайда Елбасы нақты тапсырмалар берді.

Хабар 24 телеарнасы