405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орны карантинге жабылды

  • 180
  • UPD: 17:28, 03.06.2020
Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орны карантинге жабылды

Мұнда еңбек ететін 7 қызметкерден коронавирус анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вирус жұқтырғандар бірден облыстық провизорға жатқызылды. Қазір кен орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. 50-ден астам қызметкер оқшауланды. Санэпидемиологтар жұмысшыларды жаппай тексеруге кірісті.

Айта кетейік, кен орны жұмысын тоқтатқан жоқ, тек онда кіріп-шығуға қатаң тыйым салынды. Сондай-ақ қауіпті індет аймақтағы атом энергия комбинатының бір қызметкерінен де табылды. Аймақта вирус жұқтырғандардың артуына орай жаппай дезинфекциялау жұмыстары күшейтіліп жатыр. Ақтау гарнизонының 60-қа жуық әскери қызметшісі күнделікті әлеуметтік маңызды нысандарда зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Тазарту жұмыстары маусымның 10-ына дейін жалғаспақ.

Нұрлан Шайхов, Ақтау гарнизонының радиациялық және химия-биологиялық қызметінің басшысы:

- Іс-шараларды өткізу үшін жеке құрам арнайы қорғаныш киімдерімен, шашқыштармен, ыстық тұман генераторларымен жабдықталған. Жұмыстың бастапқы кезеңінде тұрғын үйлер, аулалар мен іргелес ойын алаңдары зарарсыздандырылады. Бүгін Ақтау қаласында 16-шы және 17-ші шағынаудандарында өңделеді. Өңдеу жұмыстары барысында бұрынғыдай «Рубеж» ерітіндісін қолданамыз. Оның қоршаған ортаға еш зиян, әсері жоқ.

Хабар 24 телеарнасы