405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ШОБ нысандары жұмысын қайта бастады

  • 126
  • UPD: 18:24, 03.06.2020
Шымкентте ШОБ нысандары жұмысын қайта бастады

Шымкентте карантин режимі жеңілдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардағы 9 мыңнан астам жұмыс орындары жұмысын қайта бастады. Олардың дені шағын және орта кәсіпкерлік нысандары. Азық-түлік пен сауда желілерінің жұмыс уақыты ұзарды. Ал қоғамдық тамақтану орындары 50 адамға дейін қонақтарға қызмет көрсетеді. Автокөлік және мал базары да санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысын бастады. Сондай-ақ фитнес орталықтары да ашылды. Ал, оқу орталықтары мен үйірмелер 15 адамға дейін қабылдай алады.

Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:

- Бұл субьектілердің барлығы жұмыс жасаған кезде санитарлық гигиеналық нормаларды қатаң сақтауға міндетті. Ол қолын тазалау, кіреберіс жерге кілем төсеу, санитайзер, қолғап кию, бетпердемен жүру. Ал, бассейндерге аквапарктерге келетін болсақ, олар да жұқтыру әлеуетінің жоғары санатына жататындықтан, оларға әзірше рұқсат жоқ. Тойханаларға келер болсақ, оларда бас санитардың шешімі бойынша көп адамдар жиналатындықтан, рұқсат жоқ. Бірақ біз тойхана иелеріне кафе-ресторан режимінде жұмыс жасауға ұсыныс жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы