405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтоғай ауылында қатты дауылдан 30-дан астам ғимарат шатырсыз қалды

  • 133
  • UPD: 19:16, 03.06.2020
Ақтоғай ауылында қатты дауылдан 30-дан астам ғимарат шатырсыз қалды

Ақтоғай ауылында дүлей дауыл 30-дан астам ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Қарағанды облысында болған жағдай. Дауылдан соң іле-шала бұршақ аралас жаңбыр жауып, жұртты әбігерге салған. Күшті жел санаулы секундта мектеп, балабақша, мәдениет үйі және тағы бірақтар әлеуметтік нысан мен 20 тұрғын үйді шатырсыз қалдырды. Әйтеуір тұрғындар зардап шеккен жоқ. Электр желілері үзіліп, 3 мыңнан астам нысан жарықсыз қалды. Қазір ауылда ұялы байланыс та жоқ.

Нұрмұхамед Интуев, ТЖД дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының басшысы:

Жергілікті органдардың арнайы комиссиясы құрылды. Табиғи апаттың шығыны анықталуда. Қазіргі таңда Ақтоғай ауылында ұялы байланыс жоқ. Электр жүйесі қалпына келтірілуде.

Хабар 24 телеарнасы