427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да карантин режимі 13 маусымға дейін сақталады

  • 375
  • UPD: 19:35, 03.06.2020
ШҚО-да карантин режимі 13 маусымға дейін сақталады

Шығыста карантин режимі маусымның он үшіне дейін сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ аймақта бұған дейін енгізілген кейбір шектеулер алынды. Бүгіннен бастап бизнес ошақтары жұмысын бастады. Олардың қатарында спорт нысандары мен театр және кинотеатрлар да бар. Бірақ олардың барлығы санитарлық талапқа сай болуы тиіс. Кинозал көрермендерге толмауы керек. Яғни, жиналғандар арасында бір бос  орын қалдырып отырады. Бетперде киюі де міндет. Бірақ осы саладағы кәсіпкерлер жұмысын бастауға аса құлықты болып отырған жоқ. Өйткені аймақтағы жедел штаб әр залда күніне тек 3 рет кино көрсетуге болады деген шешім шығарған. Кинотеатр иелерінің айтуынша, мұндай кестемен жұмыс істеу тиімсіз.

Мунира Ягудина, кинотеатр директоры:

- Залдың жартысын ғана пайдалану, әрине, жақсы емес, бірақ дәл қазір солай істеу қажет екенін түсінеміз. Мен бәрін есептедім, тіпті залда көрерменнің 50%-і отырғанда, нөлге шығамыз. Бірақ 3 сеанс қана болса, пайда таппақ түгілі шығынға ұшыраймыз. Сондықтан бұл сұрақ шешілмейінше, кинотеатрдың ашылу уақыты да белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы