405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жаттығу залдары мен фитнес орталықтар ашылды

  • 106
  • UPD: 19:40, 03.06.2020
Алматыда жаттығу залдары мен фитнес орталықтар ашылды

Бүгіннен бастап Алматыда дене шынықтыру-сауықтыру нысандары, фитнес клубтар мен фитнес орталықтар және жаттығу залдары қалыпты жұмысына көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл нысандар жұмысқа кіріспес бұрын Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен жіті танысып, сондағы талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Ал, қала сыртындағы лагерьлер мен мектеп жанындағы сауықтыру орындары әзірге жабық. Бассейндер мен кинотетарлар да әзірше жұмыс істемейді. Карантиндік талаптардың орындалуын мониторингтік топ қадағалайтын болады. Егер ережелер ескерілмесе, нысандар толық жабылады немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жандарбек Бекшин, қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Әзірше мәдениет ошақтарының ашылуына рұқсат жоқ. Егер қалада 7 күн бойы ауру көрсеткіші 2%-тен аспаса ғана біз аталған нысандардың іске қосылуын қарастырамыз. .Сондай-ақ мейрамхана мен кафелерде әзірше үлкен той өткізуге болмайды. Өйткені қалада індеттің асқынуы басылмай тұр.

Хабар 24 телеарнасы