412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы мәдениет ошақтарының бестен бір бөлігі тозған

  • 147
  • UPD: 22:53, 03.06.2020

Нақтыласақ, 252 нысанның 55-ін жөндеу керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл солардың 30 шақтысы қалыпқа келтіріледі.

Ол үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында шамамен 2 млрд теңге бөлінген.

Дамир Берікұлы, тілші:

- Жалпы Ақмола облысындағы мәдениет ошақтарының көбі өткен ғасырдың 60, 70, 80 жылдары салынған. Әлбетте, олардың қазір тозығы жетті. Дегенмен, жауаптылар «мәдени нысандарды жылда шама келгенше жөндеп жатырмыз», дейді. 

Мәселен, Сандықтау аудандық мәдениет үйі осыдан жарты ғасыр бұрын бой көтерген. «Ескі ғимарат қыста суық болса, көктемде шатырынан су сорғалайтын», - дейді мұндағылар. Сол себепті биыл нысанның сырты қапталып, жылу жүйесі толық ауыстырылмақ. Төбесі де жөнделеді. Мәдениет ошағы ауылды жерде орналасқаны болмаса, ішіндегі тіршілігі қаладағыдан кем емес. Мұндағы шығармашылық ұжымдарында бас-аяғы 400-ден астам адам тіркелген.

Анна Руди, Сандықтау аудандық мәдениет үйінің директоры:

- Біздің мәдениет үйінде 22 шығармашылық ұжым бар. Оларда бірінші сыныптың балаларынан бастап қарттарға дейін қамтылған. Мәселен, қариялар арасында 2 хор жұмыс істейді. Жастар жағы ән мен биге қатысады. Концерт залы да үлкен. 400 орындық Ал, мәдениет ошағында 38 адам еңбек етеді.

Ал, Красный Яр ауылының мәдениет үйі 90 жылдардың басында салынса да, содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Сондықтан биыл нысанды толықтай қалыпқа келтіруге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 240 млн теңгеден астам қаржы бөлініпті. Енді ғимараттың сырт келбетінен бастап ішкі қабырғалары, еден, төбе бәрі жаңартылмақ.

Алпыстай Еламанов, Красный Яр ауылдық мәдениет үйінің директоры:

Қабырғалары ескірген. Едендері ескірген. Жарықтары қараңғы, сондай жарық емес. Енді бұл күрделі жөндеуден кейін жарқырап, сондай бір біздің шығармашылық ұжымға және халыққа да жақсы әсер береді деп ойлаймыз.

Аймақта жаңадан салынып жатқан мәдениет ошақтары да бар. Мұндай іске көбіне жергілікті кәсіпкерлер атсалысып жатыр. Мәселен, Жарқайың ауданына қарасты Тасөткел ауылында егін шаруашылығымен айналысатын серіктестік, елді мекенге осындай су жаңа нысанды тарту еткен. Шалғайда жатқан ауылдың халқы үшін бұл үлкен сый.

Нұрсұлу Әмірханова, Тасөткел ауылының тұрғыны:

- Мәдениет үйіне үлесімізді қосып жатырмыз. Бізде үйірмелер өте көп. Сонда ән айтам. Осы жасыма дейін ән айтып, әлде де жастармен қосылып ән айтып, үлесімді қосқым келіп жүреді.

Сала мамандарының айтуынша, биыл жөнделмей қалған 20 шақты мәдениет ошағы, алдағы жылы жоспарға енгізілмек. Осылайша, өңірдегі тозығы жеткен мәдени нысандарды біртіндеп қалыпқа келтіру көзделген.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы