432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Елбасы медалі» жобасы басталды

  • 565
  • UPD: 22:59, 03.06.2020
Елімізде «Елбасы медалі» жобасы басталды

Еліміздің озат жастарына «Елбасы медалі» беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы жобаға жасы 14-тен 29-ға дейінгілер ғана қатыса алады. Қазір үміткерлерден өтініш қабылдау басталды. Жоба 7 бағытты қамтиды. Спортта толайым жетістікке жеткен, өнерде өз орнын тапқан, волонтер болып елге көмектескен, кітап оқуға жаны құмар және ұлттық мұраны сақтауға үлес қосқан жастар өзара сынасады. Оза шапқандарына алтын, күміс және қола медальдар бар. Қазірдің өзінде жаңа жобаға қатысу үшін 6 мың адам өтініш берген.

Әнуар Жанғозин, «Елбасы академиясы» ҚҚ басшысының орынбасары:

- Бағдарламаға аймағынан жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. Яғни, шалғай елді мекендерді де қамтитын боламыз. «Елбасы медалі» бағдарламасынан сәтті өткен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградаттау көзделген.

Хабар 24 телеарнасы