418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биіл елімізде астық дақылдары өнімінің көлемі 18 млн тоннадан асуы мүмкін

  • 197
  • UPD: 23:20, 03.06.2020
Биіл елімізде астық дақылдары өнімінің көлемі 18 млн тоннадан асуы мүмкін

Биыл жыл соңында астық пен бұршақ дақылдары өнімінің көлемі 18 млн 500 мың тоннаға дейін жетуі мүмкін.

Бұл туралы арнайы брифинг кезінде Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан отандық ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныстың артуына байланысты дақылдар алаңы 237700 гектарға ұлғайтылып, 22 млн 500 мың гектарға жеткен. Мәселен, майлы дақылдардың өнім көлемі 2 млн 800 мың, жем-шөп 33, ал көкөніс пен бақша дақылдары 7 млн тоннаға дейін өнім береді деген есеп бар. Осы брифингте вице-министр Рүстем Құрманов бос жатқан жер учаскелері мәселесіне жеке тоқталды.

Рүстем Құрманов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Ғарыштан жер учаскесі координаттар бойынша түсіріледі. Өсімдік деңгейі мен өсу қарқыны бақыланады. Алқаптың бұрын қолданылған/қолданылмағаны тексеріледі. Одан кейін ескерту хабарламасы салық органдарына жолданады. Қолданылмаған жерлер бойынша 10 еселенген салық көлемі қарастырылған. Бұл тетік арқылы бос жатқан алқаптардың саны азаяды. Егер жерді жалға алушы келіспесе, іс сот қарауына жіберіледі. Тәркіленген учаскелерді жергілікті әкімдіктер басқа жер пайдаланушылар арасында бөліп береді.

Хабар 24 телеарнасы