412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 23 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр

  • 129
  • UPD: 23:38, 03.06.2020

Алматы облысының Іле ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша биыл 3,5 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарда тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мектеп, мәдениет үйі сияқты 90-ға жуық нысанның құрылысын жүргізіп, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге атсалысады.

Ардақ Айбарұлы, тілші:

- Дәулет Жанат пандемия мен өңірде жарияланған карантиннің салдарынан жұмыссыз қалған. Жергілікті газет бетінде жарияланған хабарландырудан Жетіген ауылындағы мектептің құрылысына мамандарды жинап жатқанын оқып білген. Жұмыспен қамту орталығына өтініш тапсырған ол екі күннен соң құрылыс басындағы қызу еңбекке араласып кетті.

Дәулет Жанат, жұмысшы:

- Әкімдіктегілер маған қандай құжат жинау керектігін көрсетті. Сол құжаттарды жинап, екі күннен кейін әкеп бердім. Құжатымды әкеп бергеннен кейін олар мені бір мезетте жұмысқа қабылдаған болатын. Маған осы жұмыс қатты керек болды. Өйткені қаражат жағынан кішкене қысылған болатын едім.

Ал, Қарасу ауылында жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда барлығы 10 көше жөнделіп, спорт мектебі мен стадион қайта қалпына келтіріледі. Энергетический ауылдық округінде 4 сумен қамту нысанын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Орталыққа өтінім берген азаматтардың барлығы осындай жұмыстарға тартылады. 

Ұлболсын Бердібекова, аудандық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:

- Жоспар бойынша Іле ауданында 3406 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы бойынша жұмыссыз тіркеліп тұрған 1700 адамды жұмыспен қамту жылдың аяғына дейін жоспарланған. Соның ішінде бүгінгі күні 85 жоба бойынша жұмыссыз азаматтар 326 адам жұмыс жасап жатыр.

Алматы облысы бойынша жұмыспен қамтудың жол картасына сәйкес жалпы саны 23 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов , Жеңіс Әбдірешев

Хабар 24 телеарнасы