427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Майданда қаза тапқан боздақтың мүрдесі туған жерге қайтарылды

  • 313
  • UPD: 11:17, 04.06.2020
Майданда қаза тапқан боздақтың мүрдесі туған жерге қайтарылды

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан тағы бір қазақстандық жауынгердің мәйіті елге қайтарылды.

Қазанғапов Өмірзақтың қабірі былтыр қараша айында Смоленск облысында табылған. Оны ресейлік «Кобальт» іздестіру тобының сарбаздары жауынгерлік медальон арқылы анықтаған. Содан ресейліктер павлодарлық іздестіру тобымен бірлесіп, марқұмның туған-туыстарын тапқан еді. Енді жерлесіміздің сүйегі Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысына жеткізіліп жерленеді. 

Иван Зобнин, «Кобальт» іздестіру тобының командирі:

- Біз Қазанғапов Өмірзақтың 1904 жылы туған Қазақстан азаматы екенін сол жерден табылған жауынгерлік медальон арқылы анықтадық. Жалпы Өмірзақ жерленген жерден тағы 28 сарбаздың мәйіті шықты. Олардың онының аты жөні анықталып, үшеуінің қазақстандық екені белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы