431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда мемлекеттік рәміздер күніне орай автошеру өтті

  • 392
  • UPD: 13:37, 04.06.2020

Тараздық жастар мемлекеттік рәміздер күні авто және мото шеру өткізді. Олар Жастар аллеясынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін жүріп өтті.

Ал 60 автокөлік пен 20 мото байкерлер байрақты желбіретіп қала көшелерін аралады. Белсенділерге қырыққа тарта велошабандоз да қосылды. Рәміздер күнін жоғарғы  деңгейде атап өтуге бағытталған акция биыл 5 жыл қатар ұйымдастырылып отыр. Шара кезінде бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символына айналған көк туымыз, елтаңбамыз бен асқақ әнұранымыз барынша әспеттелді. Сонымен қатар өңірде мемлекеттік Гимнді бір мезетте 50 мыңға астам адам орындады. Ал жалпы аудан, ауылдарда рәміздерді ұлықтауға арналған 150-ден астам іс-шара өткен.

Ұлана Сламбекова, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Қала жастарының патриоттық сезімін ояту мақсатында біздің мемлекеттік туымызға деген, оның құндылық қасиеттерін арттыру мақсатында біз бүгін авто, мотошеру өткізіп жатырмыз. Бұл шеруге қаланың белсенді жастары, волонтерлар қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы