417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде блокпостта темекі түрінде пара алған инспектор ұсталды

  • 508
  • UPD: 13:37, 04.06.2020
Ақтөбеде блокпостта темекі түрінде пара алған инспектор ұсталды

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полициясының рота қызметінің инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Аталған тұлға 30 мамырда Ақтөбе қаласының шыға берісінде орналасқан «№4 Магистраль» блокпостан арнайы рұқсат қағазынсыз жүру үшін жеңіл көлік жүргізушісінен құны 10 800 теңге болатын «Парламент» темекісінің екі блогы түрінде пара алған», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Д.Биғайдаров.

Оның айтуынша, полиция инспекторының кінәні толық мойындауына байланысты тұтқындалған жоқ. «Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», – дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы