410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның Питное көлінде балықтың қырылу себебі анықталды

  • 112
  • UPD: 14:28, 04.06.2020
СҚО-ның Питное көлінде балықтың қырылу себебі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында Питное көлінде қырылған балықтың зертханалық қорытындысы дайын болды.

Екі апта бұрын онда 500 келідей мөңке балығы жағаға қалқып шыққан еді. Оқиға орнына шұғыл түрде табиғатты қорғау инспекторлары, ветеринарлар мен экологтар барып, сынамалар алды. Ғылыми өндірістік орталығының қызметкерлері судың құрамындағы сульфат, фторид, хлорид секілді тағы басқа да химиялық заттардың шамадан тыс болғанын анықтады. Бірақ басты себеп ол емес. Балықтар күкірт сутегіден қырылып қалған.

Ильдар Кәкімов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Күкіртсутегі көл түбіндегі өсімдіктер мен тірі жәндіктердің шіруінен бөлінген. Өлген балықтар санитарлық талаптарға сай өртелді. Шығын көлемі есептелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы